Тек қазақстанский банктерге қырындаңдар

Жар-жар!
Баян құсап лайкты,
Мықты жинап жар-жар.
Қосылуда қос банк,
Жұртты қинап жар-жар.

Үлкені мен клиенттің
Жасы мұнда жар-жар,
«Казкомкүлді» көруге,
Асығуда жар-жар.

Құтты болсын тойларың,
«Halykшылдар» жар-жар.
Тоқал қылып «Казкомды»
Алыпсыңдар жар-жар.

Бір аттаған босаға,
Берік болсын жар-жар.
Үйлеріңе «ЦентрКредит»,
Келіп қонсын жар-жар.
«Цеснабанк-ті» түгімен,
Жұтыңыздар жар-жар,
«Kaspibank-ті» нөл қылып,
Ұтыңыздар жар-жар.
«ForteBank-тай» толықсып,
Толыңыздар жар-жар,
«АТФБанк-ке» қожайын,
Болыңыздар жар-жар.
«Qazaq Banki-де» қан қалса,
Ішіңіздер жар-жар.
«Нұрбанк-ті» жеп семіріп,
Ісіңіздер жар-жар.
«RBK-ны» сүліктей,
Сорыңыздар жар-жар,
«TengriBank-ті» шалғын ғып,
Орыңыздар жар-жар.

БІРАҚ:
«Сбербанк», «Альфа», «ВТБ-ға»,
Ұрынбаңдар жар-жар.
Тек қазақстанский банктерге,
Қырындаңдар жар-жар.
«Нұрлы» елдің ақшасы,
«Нұр-теңіз» ғой жар-жар.
Бүкіл xалық «Halyk-пен»,
Біргеміз ғой жар-жар
С.А. (мәні өзгерген мәтін)

Серік Абас-Шахтың инстаграм парақшасынан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *