«Армысыз ?» сөзі туралы

Еліміздін кейбір өңірлерінде « Ар бол!» « — Бар бол!» деп те айта береді. Сол сияқты « Ар ма?», « — бар ма!» деген де сөз орайы бар. Демек, « армысыз?» сөзінін негізгі түбірі « арыма» етістігі емес, « ар» деген есім сөзі болуға тиісті .

Ғ.Мүсіреповтің « Ар ма Жібек? » деп отырғаны да осыған байланысты. Мұндағы « -ма» морфемасы , сұраулық шылау болып есептеледі, ол бөлек жазылады, бірақ, осы автор айтып отырғандай, « бұйрық райдың көрсеткіші ( тұлғасы, формасы)» бола алмайды, өйткені оның « -ма // ме» деген грамматикалық тұлғасы жоқ. Бұйрық райдың « болымды және болымсыз түрлері» ғана болады: « бар» деген — бұйрық райдың болымды түрі де, « барма» деген — оның болымсыз түрі. Қазақ тілінің норматив грамматикасында осылай деп көрсетілген ережелер бар. Ал, «ар» деген сөзді біз етістік емес, есім сөзі деп танып отырмыз. Рай категориясы есім сөздеріне байланысты колданылмайды. Бұл жердегі « Ар ма!» тіркесі каратпа сөз ретінде қолданылып отыр, сондықтан одан кейін леп белгісін койған орынды болады ( сұраулық шылаудың эмоциялық емес, тек номиналдық рөлі ғана бар). Бұл айтылып отырған жайттар қазіргі қазақ тілі норматив грамматикасы бойынша белгілі болып кеткен ережелер болып табылады.

Ескі түркі тілдерінің ертеректе жазылып қалған ескерткіштерінде, бір емес, бірнеше мағына беретін ( полисем) « арығ» деген сөз бар.

Тура мағынасы — « таза (тап- таза) , кіршіксіз таза» (орысшасы: «чистый, незагрязненный, чисто»); екінші, ауыспалы мағынасы — «арлы, ұятты, жан тазапығы» (орысша: « нравственно безупречный, благородный, порядочный, непорочный» );
үшінші мағынасы діни ұғымды беру үшін колданылады: «таза, шын, адал, ақиқат», яғни «ардақты, қадірлі, қастерлі, қасиетті, киелі» (орысша: « чистый, истинный, неложный, правдивый, священный, святой»);
төртінші мағынасы шектеулі болып келеді — «адал «ас!, тұтынуға, жеуге) болатын нәрсе» («чистый, дозволенный к пище»);
соңғы, бесінші жалпы мағынасы — «өте, тіпті, түгелдей, жөнді дұрыс» («совершенно, совсем, полностью, как следует»).

Осы сөздің «арық»//« арығ» «өте таза» («очень чистый») деген фонетикалық варианты да бар. Бұл сөз әйгілі Махмуд Қашқаридың сөздігінде қолданылған екен («Древнетюрский словарь», Л., 1969, 52, 55 беттер.) Көне және ескі түркі тілдерінде, сол сияқты кейбір казіргі түркі тілдерінде де, айтылатын «ғ» дыбысы осы күнгі казак тілінің ішкі даму заңдылығына орай көбінесе (ылғи да емес) «у», «й» дыбыстарымен алмасып келеді немесе тіпті айтылмай біржолата түсіп калады (жұтылып кетеді). Мысалы, «тарығ — тары», «тарғақ — тарақ — бұзағу — бұзау», т.б. (көрсетілген еңбек, 130, 537 беттер). Жоғарыда аталып отырған «арығ» сөзінің қазіргі қазақ тілінде « ар» болып айтылуын тарихи вонетикалық заңды кұбылыс деп есептеуге тиістіміз. Бұл жердегі «ғ» дыбысы, — В.Радловтың айтуына қарағанда , дифтонгоид, ол өзімен бірге тұрған (алдында болсын, артында болсын бәрібір) дауысты дыбыспен (өзгереді немесе бірге айтылмай жұтылып кетеді. Дәл осындай өзгеріске ұшыраған «арығ» сөзінің түбірін (« ар» деген тұлғаны) біз жоғалтпай, көрсетілген мағыналардың қай түріне байланысты қолдансақ та жарасып-ақ тұр. Егер маған біреу — « Ар бол!» деп сәлем берсе, мен оны «ар — иманың ( қазақта «иманда бол» деген алғыс та бар) түгел (толық) болсын!» деп тұр деп түсінуге тиістімін. « Армысыз!» деген сәлем « бұрынғы тап — қалпыңыз бойынша қастерлі күніңізде отырсыз ба!» немесе «бәле жала өсек — аяннан, кауіп — қатерден, ұры — қарыдан, от — судан тап — калпыңыз бойынша кастерлі күніңізде отырсыз ба!» деген ойға иек тірейді. Бірнеше сөзбен айтылып, үлкен ауқымды зор алғыс пен тілекті білдіретін сәлемдесу рәсімінің ішінде көп сөздер тілдегі үнемдеу заңына лайықты ықшамдалып, қысқара келе ең басты тірек сөз болып табылатын осы «ар» сөзі ғана калған болу керек. Ол үлкен тілектің кішкентай куәсіндей болып шартты түрде ғана айтылатын болып қалыптасқан.

Сембиев Қ.З.,
ф.ғ.к.,профессор

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *