Аянышты халге түскен кішкентай қыз удай мас анасын тұрғызбақ болды (ВИДЕО)

Жазба авторының айтуынша, бала аш және үсті-басы кір-қожалақ болған. Бішкек тұрғыны қоршаудың түбінде жатқан удай мас анасын тұрғызбақ болған 4-5 жастағы қызды видеоға түсіріп алды. Ол 30 қазан күнгі жазбаны Sputnik Қырғызстан агенттігінің редакциясына жолдаған.

Видео авторының айтуынша, әйел алдымен балаға айқайлап, ұрып-соққан. «Менің әйелім жақындап барып еді, оған аузына келгенін айтып, балағаттады, біз үйге кетіп қалдық. 10 минуттан кейін қайта шығып, барлығын камераға түсірдім», — деп түсіндірді куәгер.

Видеодан масайған әйелдің жерден тұруға, тіпті сөйлеуге шамасы келмей жатқанын түсінуге болады. Жазба авторы қыздың аш және үсті-басы кір-қожалақ, киімі жыртық болғанын атап өтті.

Бішкектегі Бірінші мамыр ауданының ІІБ қызметкерлері аталған факті бойынша тексерісті бастағанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланың тағдыры не болатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.

Аянышты халге түскен кішкентай қыз удай мас анасын тұрғызбақ болды (ВИДЕО)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *