Байлар да жылайды…(9- бөлім)

Болған оқиға ізімен…

Бүгін өзі мазам болмай салым суға кетіп жұмыстан шыққанмын. Жаз басталғаннан тұмау жұқтырдым ба білмеймін, қалтырап — дірілдеп үйге әрең жеттім. Аулаға кіргенше ойыма келмеген, бүгінде тоқтаған көлігімнен түспей тұрып зәулім үйге көз жүгірттім. Өйткені бұл үй маған бұрында жұмақ көрінсе, тап қазір тозақ көрініп жүр. Сол үшін де көліктей түспей жан — жағыма қарайтынды шығардым. Қиялымда құдды бір жаналғыштар босағада күтіп тұрғандай болады да тұрады.

Бойымдағы бұл қорқыныш күннен — күнге үдей түспесе басылатын түрі жоқ. Өйткені әлденеден күдіктенетін сияқтымын. Ойбай құдай сақтасын, әне тұр. Екінші қабаттағы бәйбішенің терезесінен біреу сығалап қарап тұр. Жарықты да сөндіріп тастапты. Алайда ашық тұрған есіктен жеткен жарықтан перде артынан сығалаған біреудің сүлбесін анық көрсетіп тұр. Жалма — жан көлігімді іштен іліп алдым. Тіпті от алдырып үлгірдім. Сөйттім де « бісміллә» деп алып әлгі терезеге қайта үңілдім. О, жаратқан ием, сақтайгөрші мені. Міне, міне енді ешкім жоқ. Терезеден сығалаған сүлбе ізім — ғайым жоқ болды. Енді маған бәрі де айдан анық бола бастады. Мені бұлар сырттай бақылауға алған екен ғой. Сонда неден күдіктенеді? Жүргіш қыз дейме екен? Әлде жезөкше дейме екен? Менің кеше ғана қыздығыммен қоштасқанымды бәйбіше білмесе де байсымағым білуге тиіс қой. Жо — жоқ, олай емес. Менен олар ешқандай да күдіктенбейді. Олар мені басқа ниетпен бақылауға алған. Оларға мен емес, менің құрсағымдағы балам ғана керек. Ал өзім түкке де тұрмаймын. Сол үшін де мыналардан ертерек құтылуым керек. Немесе құрсағымдағы баладан құтылуым керек. Міне мен осыны ойлағанымша болмады сыртқы есік айқара ашылды. Сөйтті де аузы басын тұмшалап, ұзын көйлегін сүйреткен біреу маған қарай аяңдай берді. Қорыққанымнан көлік тізгінін қыса түстім. Тұла бойым қалшылдап кетті. Қорықпай қайтейін мына келе жатқан жан алғыш жалмауыздың тап өзі. Міне , міне жетіп те қалды. Тіпті жақындай түсті. Жүзіне қарамауға тырысып бақтым. Ол болса көлік терезесін қағып тұр. Амалсыз мойнымды бұрып бетіне қарадым. Сонда ғана ес жия бастадым. Өйткені бұл бәйбіше еді.Сөзін естімесем де бірдеңелер деп сөйлеп жатты. Сонда ғана мен есікті ашып көліктен түскім келді. Алайда орнымнан тұра алмадым. Аяқ қолым дегеніме көнбей қойды. Енді маған бәйбіше көмектесуге кірісті. Маңдайыма суық алақанын басқандай болды. Сөзіне әрең дегенде түсіне бастадым.
— От боп тұрсың ғой сіңлім – ау, дейді. Неғып көліктен түспей отыр десем қозғалуға шамаң жоқ екен ғой- дейді. Сонан қалтасындағы телефонын алып Сәкеңе қоңырау соғып тезде жетуін сұрады. Онан жедел жәрдемге хабарласты. Осының бәрін мені сүйемелдеумен жүріп жасады. Өзі жарымжан сорлы әупірімдеп жүріп жатын бөлмеге кіргізді. Төсегіме жатқызып қан қысымымды өлшеді. Білегімнен ұстап тамырымды басып тың — тыңдады. Сол аралықта жедел жәрдемге қайта хабарласып тездетіңдер -деп, бұйрық берді. Үйдегі қобдишадан алып ине екті. Ал мен болсам тек ішкі дүниеммен арпалысып жата бердім. Өйткені сөйлеуге шамам келмеді, денемді қозғай алмадым. Өн бойымды ауыр салмақ басып жатқандай сезілді.Тек құрсағымда бала барын білмесе екен деп армандаумен болдым. Арадан қанша уақыт өткенін білмеймін, алып ұшып Сәкең жетті. Оның соңынан іле — шала жедел жәрдем жетті. Онан соңғысы есімде жоқ. Мен ұйқыға кеттім. Сол жатқаннан мол жатып ертесіне ғана бас көтердім. Енді менің басыма қара бұлт үйірілді. Бөлмеме келген бәйбіше сүйінші сұрап жатты. Жүзінен күлкі көрсем де жүрегінен көре алмай қатты қиналдым. Меніңше мысқылдайтын сияқты. Үстімнен күлетін сияқты. Жасырғандары бар сияқты. Қысқасы бір қорқыныш бойымнан кетпеді. Ішімдегіден құтылу ойымнан кетпеді. Сол үшін де тезде орнымнан тұрып жұмысқа шықсам екен деп армандадым. Өйткені дәріханама жетсем баладан құтылудың жолын табатыныма көзім жетті. Қолдан түсік тастап, түсіп қалды десем кім сұрап жатыр. Ал енді мен неге мұны айтып отырмын. Неге түсік жайлы ойлап отырмын. Өйткені мен төсек тартып жатқалы Сәкеңмен бәйбішенің өзара сыбыры көбейді. Күңкілдеп сөйлесіп кейде ымдасатынды шығарды. Ол аздай маған деген көзқарастары өзгеріп шыға келді. Бір үйдің іші болған соң бұл менің жаныма батты. Біле — білгенге бұл деген қиынның да қиыны. Қой бүйткен тоқалдығы құрсын, бүйткен байлығы құрсын деп жаттым. Енді маған ішімдегіден тезде құтылмасам болмайды. Сол үшін де осындай шешім қабылдадым. Алайда мен өз дәріханама жете алмадым. Өйткені денсаулығыңа күтім керек, доктор солай айтты деген бәйбіше менің жұмысқа шығуыма тиым салды. Тіпті орныңнан тұрып көп жүруге болмайтынын ескертті дейді. Міне, міне менің ойым мені алдамаған екен. Бәрі де мен ойлағандай боп жалғасып жатты. Өйткені бұл дегенің жәй ғана алдап қою екенін түсіндім. Жұмысқа жібермей көзден таса ұстау деп түсіндім. Ол аздай қазірше ешкімге айтпай ақ қойшы дейді. Тіпті мамаңа да айтпашы, соңында сюрприз жасайық дейді. Неге десем, тіл көзден сақтаншы, Сакеңе мұрагер сыйлашы дейді. Сосын сырттай кеп айналып толғанғанымен іштей ұры көзбен ұрлана қарайды. Мүмкін өзі тумаған ұлды мен туғанымды қаламайтын шығар. Мүмкін қызғанатын шығар, кім білсін. Мұны білетін тек өзі ғана ал маған қараңғы. Қысқасы енді менің қалаға шығуым мұңға айналды. Қорыққан үстіне қорқа түсіп көзіме қос көрінді. Ол аздай өздері де бақылауды күшейтті. Әр жарты сағаттан кеп есігімнен сығалайтынды шығарды. Әрине сырт көзге мұның барлығы менің денсаулығыма алаңдағандай сыңай танытты. Осылайша менің ойым дөп келді. Өйткені бұл екеуі мен баланы туғанша асықты. Ал менің болса басым қатты. Сөйтіп жүргенде ойда жоқта есіме Асылбек түсе қойды. Бәйбішені аңдып отырып сыртқа кеткенде номерін тердім.
— Ау Сабаш, қалайсың ?- дейді ойында түк жоқ сорлы.
— Жақсымын, бәрі жақсы менде. Асылбек Астанаға келсең хабарласшы сөйлесейік, -дедім. Мұндай сөзді күтпеген сорлы қатты қуанып кетті.
— Егер аса қажет болсам, ертең-ақ келейін. Тек құр қол қайтпасам болды- дейді, қулыққа салып. Ойбуй енді не десем екен. Құр қол қайтпасам деген сөздің астарын тез түсіндім әрине. Өткен келгенде қырындап көрген. Бірақ мен қарсы болғанмын. Сол үшінде құр алақан кеткен. Енді келсе оған ешқандай кедергі жоқ. Боларым болып бояуым сіңді ғой менің. Оның үстіне ол маған ұнайтыны тағы бар. Өзі де кет әрі емес. Өйткені сол келгенде менің жүріс тұрысыма қатты таң қалған. Уысымдағы ақшаны көргенде тіпті де есі кеткен. Сонда айтқан сөзі бар еді. Уәдесі бар еді. Сабаш, сен тек қана менікі болшы. Мен сен үшін бәріне де дайынмын деген болатын. Міне сол мүмкіндікті неге маған пайдаланбасқа… неге мына екеуінен кек алмасқа… неге екеуінің де көздерін құртпасқа? Тіпті бұл дегенің дұрыс сияқты ғой! Егер бәріде мен ойлағандай болса… бәрі де Асылбек екеумізге қалса… онда мына бізде арман барма… Қысқасы көп сөйлесе алмаймын, өзің білесің ғой, қалаға келсең хабарласшы. Бірақ қоңырау соғушы болма. Тек хабарлама жаз жаным. Давай пока деп тұтқаны тастай салдым. Арадан үш күн өткенде Асылбектен » мен Астанаға жеттім , қайдасың » деген хабарлама жетті…

( жалғасы бар )

Ғани Әлихан
Дереккөз: el24kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *