Латын — логотип қана!

Латынға көшуіміз керек. Ол анық. Бірақ, қандай латынға? Кімдікіне? Ахмет Байтұрсыновтың ба, Әлімхан Жүнісбектің бе? Мәселе осы.

Екі миллионнан астам адам жалпыұлттық диктант жазды. Өте жақсы. Бұған дейін арнайы курстар өтпеген, дайындық жұмыстары жүргізілмеген бұл істің осындай қарқынмен басталуының өзі мәз қылады. Сосын, тағы бір мәселе еске түседі…

Түсінгенімізше бұл жердегі «әлемдік арена»- деп, «Түркі тілдес халықтар аренасын» айтып отыр. Аталмыш аренаға енуіміз үшін «біртұтас Түркі алфавитіне» көшкеніміз дұрыс деді. Құптаймыз. Латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасы ұсынылды. Ішінде, бір-екі кемшілігін есептемегенде, ыңғайлы да ұтымды жасалғандары да болды. Соңғысы ше? Ыңғайлы ма, жоқ! Ұтымды ма, жоқ! Неге?

Кирил алфавитінен бас тартуымыздың өзі бірінші кезекте орыстан іргемізді аулақ салудың жолы. Демек, кірме сөздердің азаюы үшін, тілдің белгілі бір деңгейде тазаруы үшін -ъ-, -ь- сияқты кей әріптерден бас тартуымыз керек. Басы жап-жақсы басталып еді. Заңдылықтар сақталған еді. Енді, осы екі белгі болмаған күннің өзінде де сөзді жуан яки жіңішке қылып айтылу, оқылуына бас қатырып, әліпбиді күрделендіріп жібердік. «Бульдог» деген кірме сөз «boldog» болып жазылуы да, оқылуы да керек еді. Ал, соңғы нұсқа бойынша біз оны «bóldog» қылып жазатын болдық. Сонда, жаңалық қайда қалды, өзгеріс қайда қалды?

Бастауышқа түскен балаға әуелі үзбей жазуды үйретеді. Ал, соңғы нұсқадағы әліпби бойынша өйтіп үйрену мүмкін емес. Ахмет Байтұрсыновтың жасаған нұсқасының өзгертуге көнбейтін кемшілігі бар ма? — Ш- мен -Ж- әріптерін жай ғана түріктің таңбаларымен белгілей берсек болмай ма? -Ң- ды ыңғайласақ қайтеді?

Сұлтан Мұстафин

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *