Президент қайда жоқ болып кетті?

Ким Чен Ын аман ба?! Солтүстік Корея Президенті 15 күннен бері хабарсыз. Ким Чен Ын-ды соңғы рет мемлекеттік телеарналардан тамыздың 21-і күні көрсеткен екен. Содан бері Солтүстік Корея көшбасшысы туралы жергілікті БАҚ тіс жармай отыр. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Соңғы рет Ким Чен Ын медициналық құрал-жабдық шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысып, жақында ғана қайтыс болған Солтүстік Кореяның экс-қорғаныс министрі Ким Ён Чхунмен қоштасу рәсіміне қатысқан. Бұған дейін президент 30 шақты экономикалық нысанды аралап көріпті. Жарты ай өтсе де, Президенттің әр қадамын қалт жібермейтін солтүстік кореялық журналистер ол туралы ләм-мим демей отыр. Ким Чен Ын-ның жоқтығын Оңтүстік Корея тілшілері байқап, ақпарат таратып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *