Шын мәнінде оқылмайтын танымал 20 кітап

Әлемге танымал актер, актриса, әнші, модель, тележүргізуші, шоу бизнестегі адамдар жұртшылық айтып жүрген классикалық роман, кітаптарды «оқыдым» деп айта салуы мүмкін. Әрине, ақылды болып көрінуі үшін.

Себебі, атақты романдардың желісімен фильмдер, сериалдар түсірілген. Соны тиіп-қашып көргендер ондағы кейіпкерлердің біразының аты-жөнін білуі де мүмкін.

Жуырда ВВС анонимді онлайн-сауалнама жүргізу барысында екі мыңға жуық респонденттен әрбір үшінші адамның классикалық шығармаларға келгенде өтіріктен «оқыдым» дей салатынын анықтады. Шынында да көпшілігі киносын, сериалын көргендер болып шыққан. Сонымен, оқымаса «оқыдым» деген кітаптардың тізімін ұсынайық.

1 «Алиса Ғажайыптар әлемінде», Льюис Кэрролл.
2 «1984», Джордж Оруэлл.
3 «Сақиналар әміршісі» трилогиясы, Дж. Р. Р. Толкин.
4 «Соғыс пен бейбітшілік», Лев Толстой.
5 «Анна Каренина», Лев Толстой.
6 «Шерлок Холмстың басынан кешкендері», Артур Конан Дойл.
7 «Сайқымазақты өлтіру», Харпер Ли.
8 «Дэвид Копперфильд», Чарльз Диккенс.
9 «Қылмыс пен жаза», Федор Достоевский.
10 «Тәкаппарлық пен жаңылыс», Джейн Остин.
11 «Суық үй», Чарльз Диккенс.
12 “Гарри Поттер”, Джоан Роулинг.
13 «Үлкен үміт», Чарльз Диккенс.
14 «Анна Франктің күнделігі», Анна Франк.
15 «Оливер Твист», Чарльз Диккенс.
16 «Сұрдың елу реңкі», Э. Л. Джеймс.
17 «Он қарадомалақ», Агата Кристи.
18 «Ұлы Гэтсби», Фрэнсис Скотт Фицджеральд.
19 «Айла-22», Джозеф Хеллер.
20 «Над пропастью во ржи», Джером Сэлинджер.

Ал бізде “оқыдым” деп көбіне қай шығармалар аталады деп ойлайсыз?

Дайындаған: Жансая СЫДЫҚБАЙ
16qyz.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *