Ырғыз шайқасы

Бұл — Хорезм шахы Мұхаммед пен Шыңғыс хан әскерлерінің арасындағы күтпеген кездесуден туындаған шайқас. Шайқас Ырғыз өзенінің бойында өткен. Сондықтан ол «Ырғыз шайқасы» деп аталып кеткен.

Шыңғыс хан Жошы мен Сүбедей басқарған әскерін меркіттерге қарсы аттандырған болатын. Олар 1216 жылы ерте көктемде Ырғыз бойын жайлап жатқан меркіттерге шабуыл жасайды. Моңғолдар қашқан меркіттердің соңына түсіп келе жатып, жолда Сырдарияның батысында (қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты) Ырғыз өзені бойында қыпшақтарға қарсы жорықта жүрген Мұхаммед шахтың 60 мыңдық қолымен ұшырасып қалады. Жошы елші жіберіп, шайқасқысы келмейтінін айтады. Жошының шешіміне қарамастан, хорезмшах оны соғысуға мәжбүр етеді.

Сөйтіп, тұтқиылдан жолыққан мықты қолмен аянбай шайқасуына тура келеді. Шайқас үстінде Мұхаммед хан қолға түсе жаздап, ұлы Жәлел-әд-Диннің ерлігінің арқасында әзер құтылады. Қақтығыс күні бойы жүріп, кеш түсе саябырлайды. Екі жақ келісіп, соғысты ертеңгі күнге қалдырады. Жошы әскері от жағып алдаусыратып, түн қараңғылығымен жасырын шығысқа қарай қайтып кетеді. Осылайша, бұл шайқаста ешкім жеңбеген.

bilim-all.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *